Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

1 Ақпан 2024, 17:03
536
Бөлісу:
Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 1 ақпанда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев облыс активіне денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Бекболат Ізбасаровты таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол өз еркімен қызметінен кеткен Аманбек Жұмыровтың орнын алмастырды.

Бекболат Ізбасаров М. Оспанов атындағы БҚММ университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, М. Оспанов атындағы БҚММ университетін «Медицина ғылымдарының магистрі», АҚШ-тың Атланта штатында Эмори Роллинс атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебін «Мемлекеттік саясат және денсаулық сақтауды басқару» мамандықтары бойынша бітірген. Денсаулық сақтау саласында DBA бағдарламасының докторы.

Еңбек жолын 2007 жылы Ақтөбе қаласында №4 емханада дәрігер-хирург болып бастаған.

2012 жылдан 2015 жылға дейін Ақтөбе қаласындағы №4 емханада медициналық қызмет сапасы бойынша менеджер болып жұмыс істеген.

2015 жылдан 2016 жылға дейін Ақтөбе қаласындағы №4 емханада медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі бас дәрігердің орынбасары.

2016 жылдан 2019 жылға дейін М. Оспанов атындағы БҚММУ-нің отбасылық медицина клиникасының басшысы.

2019 жылдан 2020 жылға дейін М. Оспанов атындағы БҚМУ КЕАҚ медициналық орталығы медициналық қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру - әдістемелік жұмыс жөніндегі басшының орынбасары.

2020 жылдан бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болды.

Нұрлан Ноғаев басқарманың жаңа басшысына сәттілік тілеп, Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау саласын дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы