Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қамауға алынды

4 Ақпан 2022, 15:27
1264
Бөлісу:
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы мониторингі агенттігі сұйытылған мұнай газын (СКГ) жеткізуді қадағалайтын облыс әкімінің орынбасары  Ғалымжан Ниязовтың ұсталғанын растады, деп хабарлады inaktau.kz.

Ғалымжан Ниязовқа қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

«Ниязов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды» деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу шаралары аясында ұсталды, - деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ЭРД.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.

Еске салайық, аймақ басшысы орынбасарының ұсталғаны туралы бейресми хабар  24 қаңтарда белгілі болған.

Өзгелердің жаңалығы