Маңғыстау әкімі қымбатшылықпен қалай күресіп жатқандарын айтты

30 Маусым 2022, 11:53
1194
Бөлісу:
Маңғыстау әкімі қымбатшылықпен қалай күресіп жатқандарын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.  

Өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайынғы негізде әлеуметтік маңызы бар тауарларға тұрақтандыру қоры қалыптастырылып келеді. Биыл бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 1,5 млрд теңге қаражат бөлінді. Жалпы 3 жылдың ішінде 3,3 млрд теңге қарастырылды. Қазіргі уақытта өңірлік тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 16 түрі бойынша 5,5 мың тонна қоры жасақталды. Дәстүрлі түрде ерте пісетін көкөністерді Иран, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркменстан және Пәкістан елдерінен уақытылы жеткізу жұмыстары ұдайы жүргізілуде. Бұған қоса, Түркістан, Жамбыл, Павлодар облыстарының шаруа қожалықтарымен форвардтық келісім-шарт аясында қырыққабат, пияз, картоп жеткізіледі, - деп атап өтті өңір басшысы. 

Сондай-ақ әкім баға өсіміне қатысты қандай шаралар қолданылып жатқанына тоқталды. 

Баға өсімін тежеу мақсатында 90 күн мерзімге ақ қауданды қырыққабатқа – 255,5 теңге және сары майға – бір келісі үшін 3 744,5 теңге, I санатты тауық жұмыртқасының 10 данасына – 416 теңгеге шекті рұқсат етілген баға бекітілді. Жеке инвесторлар есебінен Ақтау қаласында коммуналдық базары мен көтерме тарату орталығы құрылысы басталды, жобалар 2024 жылы іске қосылады, - деді Нұрлан Ноғаев. 

Өзгелердің жаңалығы