Мамырдан бастап елордадан Баян-Өлгийге халықаралық автобус жүреді

23 Сәуір 2022, 19:20
9143
Бөлісу:
Мамырдан бастап елордадан Баян-Өлгийге халықаралық автобус жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан – Баян-Өлгий бағытына халықаралық автобус жүре бастайды.

Бұл ақпаратты Сапаржай автовокзалының анықтама бөлімі растады.

Сапаржайдың анықтама бөлімі қызметкерінің мәліметінше, билет құны 20-23 мың теңге.

Сапарға шығатындар билет алуға келгенді міндетті түрде өздерімен жеке құжаттарын алып келулері қажет. Өйткені көп жағдайда құжатсыз келетін бар. Сондай-ақ жолаушыларға қойылатын талаптар да бар. Атап айтқанда, шетел паспорты, вакцинация паспорты және соңғы бір тәуліктегі ПТР тест анықтамасы болуы міндетті. Бұл құжаттарды жолаушылардан Моңғолия тарапы талап етеді, - дейді анықтама бөлімінің қызметкері.

Сонымен қатар автобустың Баян-Өлгий – Нұр-Сұлтан бағытындағы да жол жүру құны осы сома көлемінде болады.

Өзгелердің жаңалығы