Мамыр айында кәсіпкерлерге өтемақы төлеу аяқталады

3 Мамыр 2022, 21:30
1131
Бөлісу:
Мамыр айында кәсіпкерлерге өтемақы төлеу аяқталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін Алматыда сауда және қызмет көрсету саласы қалпына келтірілуде. 

Өткен тоқсанда жеке кәсіпкерлікте белсенділіктің өсуі байқалады. 

Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5% - ға өсіп, 217 822 бірлікті құрады, - деп атап өтті брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.

 Қаңтар айында зардап шеккен кәсіпкерлерге төлемдер жалғасуда. Жалпы сомасы 11 млрд теңгеге 1499 өтінім мақұлданды. Бизнесмендердің 95% - ы өтемақы алды. 

Бүгін олар келушілерге есігін айқара ашып, жұмысқа қайта оралды. Комиссияның қарауында ең күрделі жағдайлар қалды. Олар сараптама жүргізуді, ЖСҚ әзірлеуді және құжаттарды қалпына келтіруді талап етеді. Зиянды өтеу мамыр айында аяқталады деп жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы