МӘМС жарнасы: Айлығы аз адамдар көп табатындармен бірдей төлемейтін болды

18 Наурыз 2024, 12:22
341
Бөлісу:
МӘМС жарнасы: Айлығы аз адамдар көп табатындармен бірдей төлемейтін болды
Фото: Мәжіліс

Қазақстандықтар МӘМС жарнасын әділдік қағидаты бойынша төлейді. Бұл туралы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды төлеуде әділеттілікке қол жеткізу үшін салық төлеушілердің барлық топтары жарналарды баламалы тиімді мөлшерлемелер бойынша төлейтін нақты тегіс шкалаға көшу ұсынылады.

Табысы төмен адамдар ауқатты азаматтардан артық төлем жасамауы керек, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.

Ұсынылған шаралардың нәтижесінде халықтың қалтасынан немесе жеке шығындары қысқарып, сақтандырылған азаматтардың алдын ала төленетін сапалы медициналық көмек алу құқығы қорғалады деп күтіліп отыр.

Сондай-ақ бұл жаңалық медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығы мәселелерін кезең-кезеңімен шешуге және денсаулық сақтауды қаржыландырудың сақтандыру моделіне көшуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы