МӘМС үшін аударылатын төлемдер қалай өзгерді?

17 Қаңтар 2022, 11:51
1789
Бөлісу:
МӘМС үшін аударылатын төлемдер қалай өзгерді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгерді. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Нұр-Сұлтан қаласы филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Жарналар мен аударымдар мөлшерінің өзгеруіне 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мен айлық есептік көрсеткіштің артуы себеп болған. 

Сонымен, төлем қалай өзгерді?

• Жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3%-ын төлейді, бірақ 18 000 теңгеден аспайды.
• Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2%-ын, бірақ 12 000 теңгеден аспайтын мөлшерде, төлейтін болады. 
• Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар - ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ын немесе 4 200 теңге төлейді. 
• БЖТ:
қала тұрғындары үшін - 1 АЕК немесе 3 063 теңге;
ауыл тұрғындары үшін - 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге.

• Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 000 теңге төлейді.
• Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдігі бар санаты үшін төлем жасайды, бүгінде бұл санаттағылар11 млн-нан асады. Бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды.

МӘМС үшін төлемді қайдан жасауға болады?
Жарнаны:
- екінші деңгейлі банктер және олардың интернет-сервистері арқылы;
- Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы;
- «Казпочта» АҚ бөлімшелері арқылы;
- төлем қабылдау терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.) арқылы;
- медицина ұйымдарындағы төлем қабылдау терминалдары арқылы
төлеуге болады. )

Өзгелердің жаңалығы