МӘМС: Сәуірде 5,6 млрд теңгеге жуық жарна түсті

7 Мамыр 2022, 16:50
1798
Бөлісу:
МӘМС: Сәуірде  5,6 млрд теңгеге жуық жарна түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері, яғни 2022 жылдың қаңтар-cәуір айлары аралығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін елордалықтардан 19,7 млрд теңгеден аса жарна аударымдары түскен.

 Ал осы жылдың сәуір айында елордалықтар 5,6 млрд теңгеге жуық жарна аударған.

Жалпы 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2022 жылдың 29 сәуірі аралығында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарна 120,4 млрд теңгеге жуық. деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметі.

 «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша осы жылдың сәуір айында 5,6 млрд теңгеге жуық жарна түсті. Оның 3,2 млрд теңгеге жуығы – жұмыс берушілердің аударымдары, ал жеке кәсіпкерлерден түскен жарна – 2,4 млрд теңге.

Ал 2022 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 19,7 млрд теңгеден аса жарна аударған (оның 10,8 млрд теңгеге жуығы жұмыс берушілердің аударымдары, ал жеке кәсіпкерлерден түскен жарна – 8,9 млрд теңге. 

2022 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 11 941 бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілерден түскен МӘМС жарналары 43,4 млн. теңгеге жуық соманы құрайды, ал осы жылдың сәуір айында 8137 БЖТ төлеушілерден 10,8 млн.теңге түскен.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасап, тексергеннен кейін ғана Қор жеткізушілеріне төлем жүргізіледі», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

 

Өзгелердің жаңалығы