МӘМС: Елордалықтар былтыр 27,7 млрд теңгеден аса жарна төлеген

8 Қаңтар 2021, 23:03
1328
Бөлісу:
МӘМС: Елордалықтар былтыр 27,7 млрд теңгеден аса жарна төлеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалықтар 2020 жылы қаңтар-желтоқсан аралығында медициналық сақтандыру үшін 27,7 млрд теңгеден аса жарна аударды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2020 жылдың 31 желтоқсаны аралығында медициналық сақтандыру үшін  жинақталған жарнаның жалпы сомасы 58 млрд теңгеден асады.

2020 жылы қаңтар-желтоқсан  аралығында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 27,7 млрд теңгеден аса жарна аударған (оның ішінде желтоқсан айында – 3,3 млрд теңге). Медициналық сақтандыру қорына жарна аударуда Нұр-Сұлтан қаласы көшбасында деуге болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түкен барлық  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары, яғни жинақталған қаржы, Ұлттық банкпен арада жасалған сенімгерлік басқару туралы келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады, - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Сондықтан азаматтарды мобильді қосымшаларда өз деректерін тексеруге және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда Қордың елордалық филиалына хабарлауға шақырамыз. Сондай-ақ, 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы байланысуға болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы Android смартфондары үшін Play Market арқылы, Apple смартфондары үшін  App Store арқылы жүктеледі.

Азаматтардан келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге мониторинг жүргізіледі, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға жіберіледі.

Өзгелердің жаңалығы