МӘМС: Елордада робот-ассистент көмегімен ота жасалған пациенттер оңалтудан өтуде

7 Желтоқсан 2023, 17:01
485
Бөлісу:
МӘМС: Елордада робот-ассистент көмегімен ота жасалған пациенттер оңалтудан өтуде
PHOTO
Фото: МӘМС

Елордада академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының дәрігерлері 5 пациентке өз келісімдері бойынша робот-ассистент көмегімен ерекше ота жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ елорда филиалының мәлімдеуінше, Эндопротез орнатылған пациенттер қазір оңалтудың 1-кезеңінен өтуде. Бір жарым айдан кейін екінші оңалтудан өтуге Орталыққа қайта келеді немесе тұрғылықты жерінен өтеді. Оңалту құны – 380 мың теңге, ал ота құны – 2 млн теңге шамасында. Ота да, оңалту шаралары да пациенттерге МӘМС жүйесінде жүргізілген .

Жыл сайын медициналық сақтандыру есебінен травматология, кардиохирургия, нейрохирургия, урология, онкология, тағы да басқа профильдер бойынша көптеген құны қымбат операциялар жасалуда.

Бүгінгі таңда тізе және жамбас буындарын ауыстыру оталары тұрғын халық арасында үлкен сұранысқа ие.

МӘМС: Елордада робот-ассистент көмегімен ота жасалған пациенттер оңалтудан өтуде

Елордада, Ж.Батпенов атындағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығында тізе буынын ауыстыру-эндопротездеу бойынша 5 науқасқа күрделі отаны роботтың көмегімен жасады. Эндопротездеу – адамның зақымданған буынын жасанды имплантпен алмастыру. Зақымдалған аумақты 3D сканерлеу арқасында робот-ассистент барлық параметрлерді математикалық тұрғыда мінсіз есептей отырып, науқастардың буынына имплант қоюға мүмкіндік берді. Операциялар IT мамандарының қатысуымен компьютерлік навигация арқылы жүзеге асырылды.

Жақында біз робот-ассистент көмегімен тізе буынын толық ауыстыру бойынша оталар жасадық. Робот – біздің қай жерде екенімізді тауып қана қоймай, аспаптың орнын адам дәл көре алмайтын бір миллиметрге, бір градусқа дейінгі дәлдікпен түзете алатын ақылды құрал. Нәтижелер жақсы. Пациенттеріміз қазірдің өзінде белсенді қозғала бастады. Балдақ көмегімен өздері жүреді. Отаға дейін жүріп-тұрулары қиын болды. Қазір, отадан кейін ешқандай шектелу жоқ, буындары бүгіліп-жазылады, толық қозғалады. Тізе буынын эндопротездеу құны шамамен 2 млн.теңге, оған инмплант, ота, төсек-орын, наркоз, қажетті барлық тексерулер мен емдеу ақысы кіреді. Барлық ота пациенттерге ақысыз МӘМС жүйесінде жасалды, - дейді Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми Травматология және ортопедия орталығының №7 бөлімшесінің травматолог-ортопед дәрігері Жұмахан Сламов.

Робот көмегімен ота жасалған науқастардың бірі - Зәуре Байтеева 58 жаста. Оның диагнозы – ІІІ-IV дәрежелі екі жақты деформациялық гонартроз. Бұл – тізе буындарының зақымдалуымен байланысты сырқат. Гонартроз сырқаты кезінде шеміршек тінінің бұзылуы байқалады, бұл ауырсынуға, қозғалыстың шектелуіне және буындардың деформациялануына алып келеді. Сырқаттың III-IV дәрежесі дегеніміз тізе буындарындағы дегенерация процесі ауырлықтың жоғары дәрежесіне жеткенін көрсетеді.

МӘМС: Елордада робот-ассистент көмегімен ота жасалған пациенттер оңалтудан өтуде

Оның айтуынша, тізесінің ауырғанына бес жылдан асқан. Алғаш рет сол жақ тізе буынында ауырсыну пайда болған кезде қысқа мерзімді оң әсері бар консервативті ем тағайындалған, ем ауырсынуды аздап азайтқан. Кейіннен ауырсыну күшейіп, сол жақ тізе буынының қозғалуы шектеліп, ақсаңдап жүретін болған. Содан кейін оған хирургиялық ем ұсынылады. Отадан кейін Зәуре Байтеева өзін жақсы сезінеді. Дәрігерлердің ұсынысы бойынша науқас тағы 10 күн бойы бақылауда болады.

Ал Раушан Мақановаға робот-ассистенттің қатысуымен ота бір күн бұрын жасалған.

Менің сол жақ тіземде IV дәрежелі артроз болды. Қозғалуым қиын болды, жүргенде аяғым, тізем қатты ауыратын. Клиникаға түскенімде отаның робот-ассистент көмегімен жасалатынын айтты, келісім бердім. Қазірдің өзінде жақсы сезінемін. МӘМС жүйесінің арқасында ақысыз ем алып жатырмын. Ота жасаған дәрігерлерге де алғысым шексіз. Енді толыққанды өмір сүре аламын деп үміттенемін, - дейді Раушан апай.

Эндопротез орнатылған пациенттер қазір оңалтудың 1-кезеңінен өтуде. Бір жарым айдан кейін екінші оңалтудан өтуге Орталыққа қайта келеді немесе тұрғылықты жерінен өтеді. Оңалту құны – 380 мың теңге, ал ота құны – 2 млн теңге шамасында. Ота да, оңалту шаралары да пациенттерге МӘМС жүйесінде жүргізіледі.

Айтып өтейік, 2023 жылдың басынан бастап тізе және жамбас буындарын ауыстыру бойынша елорда дәрігерлері 35,2 млн теңге сомасына осындай операциялар жасады.

Өзгелердің жаңалығы