МӘМС: елордада денесінің жартысы күйген балаға бірегей ота жасалды

22 Маусым 2022, 09:35
1505
Бөлісу:
МӘМС: елордада денесінің жартысы күйген балаға бірегей ота жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының комбустиолог-мамандары жалыннан термиялық күйік шалған төрт жасар пациентке бірегей ота жасады. 

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елордалық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, бала денесінің 50%-ы зардап шеккен. Күйік салдарынан мойынның, екі иық пен білек буындарында қозғалысты шектейтін терең тыртық қалған. 

Ота пациентке МӘМС жүйесі бойынша тегін жасалды. Бала қатты күйген, кейіннен бастың қозғалысын шектейтін терең тыртық қалған. Күйіктің салдарынан мойынның, дененің, екі қолдың гипертрофиялық тыртықтары, 3 дәрежелі мойын контрактурасы, 2 дәрежелі иық буындарының контрактурасы бар. Сондай-ақ балада мойынның, кеуденің, екі иық буынының, екі білектің медиалды алдыңғы бетінде бозғылт-қызғылт түсті гипертрофиялық тыртықтар байқалған.

Иек кеудеге дәнекерленген, бет деформациясы бар. Еріннің төменгі бөлігі төменгі жақтың тістерінің ашылғанда төмен қарай жылжиды, терең тыртықтың конгломератына байланысты мойны қатып қалған. Басын ары-бері бұра алмайды. Кеуде қуысының алдыңғы бетінде және екі иықта да терең гипертрофиялық тыртықтар пайда болған. Соның салдары екі иық буындарының контрактурасына алып келген. Иық буындары 90 градусқа бұрылады, - дейді №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының комбустиология бөлімшесінің меңгерушісі Бақытхан Сағидолда. 

Елорда ауруханасында емделуші мойнының тыртықтарын кесіп, мойынның жетекші контрактурасын түзететін, аяғындағы тері-май сынықтарын нәрлендіретін пластика жасалды.

Отадан кейінгі ерте кезеңде пациентте орын ауыстырған қақпақшалардың толық кіріккені байқалады, басындағы қатты күйі түзелген, отадан кейінгі жаралар жазыла бастаған. Қолданылған емдеу әдісі отаның бірінші кезеңінен кейін жақсы функционалды нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Кейіннен косметикалық ақауларды түзету үшін хирургиялық ота жасалады. Науқастың анасы баласын шілде айында бізге тағы алып келеді және емдеуді жалғастырады деп үміттенеміз, - деп түйіндеді дәрігер.

Термиялық күйіктер медицинаның ең күрделі мәселелерінің бірі болып қала береді. Бұл олардың пайда болу жиілігіне, емдеудің қиындығына және қолайсыз салдарға байланысты. Күйік жарақатының жиі кездесетін салдарының бірі – гипертрофиялық тыртықтардың пайда болуы. Күйіктен кейінгі тыртықтарды емдеу проблемасы қазіргі уақытта әлі де өзекті. Ауыр күйіктерді емдеуде қол жеткізілген үлкен жетістіктерге қарамастан, тыртықты деформациялар мен контрактуралары бар науқастар саны аз емес. Осыған байланысты 2013 жылы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасында күйік бөлімшесі ашылған болатын, онда күйік салдарынан терең дене жарақаттары ұзақ уақыт жазылмаған балаларға мамандандырылған комбустиологиялық көмек көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы