МӘМС. Елорда бойынша 3,5 млрд теңге жарна түсті

6 Тамыз 2021, 09:15
3743
Бөлісу:
МӘМС. Елорда бойынша 3,5 млрд теңге жарна түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалықтар 2021 жыл басталғалы бері, яғни қаңтар-шілде аралығында медициналық сақтандыру үшін 23,2 млрд теңге жарна аударған, ал шілде айында МӘМС үшін 3,5 млрд теңге жарна түсті, деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2021 жылдың 31 шілдесі аралығында медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы 81,3 млрд теңгені құрады.

2021 жылдың шілде айында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 3,5 млрд теңге жарна аударған. Оның ішінде жұмыс берушілердің аударымдары 1,6 млрд теңгеден асады, ал жеке кәсіпкерлерден түскен жарна 1,9 млрд теңгеге жуық. Осы жылдың 31 шілдесіндегі жағдай бойынша 12740 адам бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бойынша МӘМС-ке жарна төлеген. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады, - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда кері байланыс арналары:

Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, @saqtandyrybot телеграмботы, 1406 байланыс орталығы және қордың fms.kz сайты арқылы хабарласуға болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтінішіңізді қарап, тиісті шара қабылдайды.



Өзгелердің жаңалығы