МӘМС: Дәрігер халыққа көрсетілетін медициналық қызмет туралы айтты

2 Сәуір 2021, 09:35
2009
Бөлісу:
МӘМС: Дәрігер халыққа көрсетілетін медициналық қызмет туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының маманы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) тарапынан халыққа қандай медициналық қызмет көрсетілетіні туралы айтты. 

№36 Қалалық емхананың бас дәрігері орынбасарының м.а. Венера Тохтахунова халықтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тарапында қандай медициналық көмек алатыны туралы түсіндірді.

Денсаулық сақтау ісі қазір үш деңгейлі жүйе бойынша медициналық көмек көрсетеді. Бірінші деңгей - медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету мамандарымен амбулаторлық, стационаралмастырушы және үйге бару арқылы көрсетілетін медициналық көмек. Екінші деңгей - амбулаторлық, стаиционаралмастырушы және стационарлық тұрғыда бейінді мамандармен, сонымен қатар, бастапқы деңгейде көрсетілетін медициналық көмек көрсететін мамандардың жолдауы бойынша көрсетілетін медициналық көмек және үшінші деңгейі - жоғары технологиялық медициналық көмекті қолдану арқылы амбулаторлық, стационаралмастырушы және стационарлық тұрғыда бейінді мамандармен, оның ішінде, алғашқы және екінші деңгейдегі мамандардың жолдауы бойынша көрсетілетін медициналық көмек, - деді Венера Тохтахунова.          

Маманның айтуынша, халыққа көрсетілетін медициналық көмек 2 пакетке бөлінген, бірінші пакет, сақтандырылған мүддесіне қарамастан барлығына арналған тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және екінші пакет сақтандырылғандар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру.      

МӘМС пакеті аударым және жарналар жүзеге асатын адамдарға: ҚР азаматтарына, ҚР аумағында үнемі тұрақтанатын шет ел азаматтары (тұрақтанатын жері бар), ҚР аумағында үнемі тұрақтанатын, азаматтығы жоқ тұлғалар, қандастар, ҚР аумағында уақытша тұрақтанатын шет ел азаматтары мен олардың отбасы.  

МӘМС жүйесінің қазақстандық моделі әлеуметтік тұрғыда бағдарланған. МӘМС өзіне жарнасы мемлекет атынан төленетін халықтың 15 жеңілдік санаты кіреді. Қазақстан заңына сәйкес, қорға жарна төлеуден: әскери қызметшілер; мемлекеттік арнайы органның қызметкерлері; құқыққорғау органдарының қызметкерлері босатылады.

МӘМС пакетіне амбулаторлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек (профилактикалық тексерістер, бейінді мамандардың қабылдауында болу және кеңес алу, сондай-ақ елімізде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және оларға күдік болған кездегі аурушаңдық кезінде үйге бару арқылы мобильдік бригаданың қызмет көрсетуі, созылмалы аурушаңдықпен ауратын адамдарды бейінді мамандармен динамикалық бақылау, халықтың жеке санаттарына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету, диагностикалық қызметтер, оның ішінде, зертханалық диагностика және тізімдеме бойынша емшара және манипуляция), мамандандырылған, сонымен қатар стационаралмастырушы жағдайда жоғары технологиялық медициналық көмек, елімізде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурушаңдық кезінде және оларға күдік туындаған кезде үйге бару арқылы стационар қызметін көрсету (ТМККК тарапындағы аурушаңдықты емдеуден басқа кезде жоспарлы түрде), уәкілетті органмен белгіленетін аурушаңдық тізімдемесі бойынша медициналық оңалту, қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзалары мен тіндерін алуға (алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау) дайындау.

Бүгінгі күні міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толығымен қызмет етуде. МӘМС тарапында барлық медициналық көмекті алу үшін қазірден бастап сақтандырылуымыз керек, - деді Венера Тохтахунова. 

Өзгелердің жаңалығы