МӘМС: Астаналықтарға 13 млрд теңгеден аса сомаға тегін дәрі-дәрмек алынды

1 Желтоқсан 2022, 17:48
1258
Бөлісу:
МӘМС: Астаналықтарға 13 млрд теңгеден аса сомаға тегін дәрі-дәрмек алынды

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елордалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

2022 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Астана қаласы бойынша 13 млрд 036 млн теңге сомасына 971 875 тегін рецепт бойынша 187 530 пациент тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді. Оның ішінде МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтылған балалар: жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 2 107 бала және  төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 6 136  бала; теміржетіспеушілігі анемиясымен - 972 бала; пневмониямен 1583 бала; синуситпен/бадамша безі (миндалин) және аденоид ауруларымен 444 баланы құрайды, - деп атап өтті Нұрлыбек Қабдықапаров.

Айтуынша, амбулаториялық қамтамасыз ету бұйрығына сәйкес, емхана дәріханаларында МӘМС жүйесінде тегін берілетін барлық қажетті дәрілер бар. Олардың қатарына антибиотиктер, ыстық түсіретін препараттар, темірқұрамды препараттар, сондай-ақ басқа да спецефикалық препараттар жатады. 

Келесі жылдың негізгі жеткізілімдері түскенге дейінгі аралықта тұрғындарды дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен үзіліссіз қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қосымша өтінімдер ресімделуде. Біздің сарапшылар медициналық қызметтің қолжетімді болуы және сапасының жақсаруы үшін, яғни пациент құқығы сақталуы үшін тұрақты жұмыс жүргізеді, - деді елордалық филиалдың басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы