МӘМС: Алматылық кәсіпкерлер жыл соңына дейін қызметкерлерін сақтандыруы қажет

11 Желтоқсан 2020, 09:35
1245
Бөлісу:
МӘМС: Алматылық кәсіпкерлер жыл соңына дейін қызметкерлерін сақтандыруы қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықты МӘМС бойынша медициналық қызметтермен қамту үшін алматылық бизнесмендерді қызметкерлер тізімін өзектендіруге шақырады, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ақтаевамен бірге халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтудың өзекті мәселелері бойынша өңірлік штабтың онлайн-отырысын өткізді.

Отырыста Алматыда МӘМС-ті іске асыру барысы, халықтың сақтандыру мәртебесін және жұмыс берушілер мен бизнес субъектілері қызметкерлерінің деректерін өзектендіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс қаралды.

Қаланың денсаулық сақтау саласын қаржыландыру халықтың өсімін және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде халыққа көрсетілетін медициналық қызметтер көлемінің қажеттілігін ескере отырып қалыптастырылған. Сақтандырылған халықтың үлесін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Алматы қаласы бойынша жыл соңына дейін МӘМС төлеуден босатылған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 116 604-ті құрайды, оның 59 799-ы немесе 51,3%-ы деректерді өзектендірді, 56 805 (48,7%) - тізімдерді өзектендірмеді. Бүгінгі таңда 137 ірі бизнес субъектілерінің 129-ы тізімдерді өзектендірді немесе аударымдар мен жарналарды төледі, ал тізімдерді өзектендірмеген 8 ірі бизнес субъектісі қалып отыр. Жұмыс берушілер ШОБ қызметкерлерінің сақтандырылу мәртебесі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын түсінуі қажет, - деп «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев өзектілендірілген деректердің болмауына байланысты бірқатар қала тұрғынының жүйеден тыс қалуы мүмкін екенін атап өтті.

Өз қызметкерлерін сақтандыру үшін жыл соңына дейін жеңілдіктер берілген жұмыс берушілер жарналардың болмауына қарамастан, қызметкерлердің деректерін msb.fms.kz сайтына енгізулері тиіс. Алдағы уақытта бұл қызметкерлер МӘМС жүйесіндегі барлық қызметті кедергісіз ала алады.

Сондай-ақ диспансерлік есепте тұрған пациенттерді амбулаториялық дәрі-дәрімекпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Онлайн-отырыстың қорытындысы бойынша қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров аудан әкімдіктеріне Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат, кәсіпкерлік және инвестициялар басқармаларымен бірлесіп, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жеңілдікті санаттардағы халықты өзектендіруді қамтамасыз етуді, 2020 жылдың соңына дейін МӘМС үшін аударымдар мен жарналарды төлеуден босатылған ШОБ субъектілерімен жұмысты күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар медициналық ұйымдардың басшыларына алдағы 2021 жыл қарсаңында дәрілік заттардың қажетті көлемін сапалы жоспарлауды бақылауға алуды тапсырды. 

Өз кезегінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ақтаева 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап пандемиядан көбірек зардап шеккен салаларда жұмыс істейтін ШОБ субъектілеріне МӘМС жарналарын төлеуден босатылған кезең аяқталатынын еске салды. Қала тұрғындарына медициналық қызметтердің кеңейтілген пакетін үздіксіз көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында жыл соңына дейін сақтандырылған деректерді өзектендіру бойынша жұмыстарды аяқтау қажет.

Өзгелердің жаңалығы