Мамин жалпыға бірдей декларациялау бойынша нақты тапсырма берді

27 Сәуір 2021, 10:13
1825
Бөлісу:
Мамин жалпыға бірдей декларациялау бойынша нақты тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында айтты.

Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу жеке тұлғалар табысының ашықтығын қамтамасыз етеді. Биылғы жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар үшін жалпыға бірдей декларациялауды енгізудің бірінші кезеңі басталды, - деді Мамин.

Оның айтуынша, 2023 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері декларация тапсыра бастайды.

Кейін 2024 жылдан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары тапсырады. Ал 2025 жылдан бастап азаматтардың барлық қалған санаттары тапсыра бастайды. Бұл ретте декларация қабылдайтын электрондық сервистер қазірден бастап жұмыс істей бастады, - деді ол.

Мамин айтқандай, салық төлеушінің кабинеті, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және «Е-Salyq Azamat» арнайы мобильді қосымшасы жұмыс істей бастайды.

Осы ретте жалпыға бірдей декларациялауды енгізу бойынша жұмысты бекітілген мерзімге сәйкес жалғастыру керек. Сонымен бірге декларацияны толтыру және тапсыру қағидалары бойынша халық арасында кең ауқымды түсіндіру және оқыту жұмыстарын жүргізу қажет. Әлихан Асханұлы, бақылау мен үйлестіру сізге жүктеледі, - деді Мамин.

Өзгелердің жаңалығы