Мамин жағдай қиындағанымен, зейнетақы мен жәрдемақы уақытында берілетінін айтты

10 Наурыз 2020, 10:52
1618
Бөлісу:
Мамин жағдай қиындағанымен, зейнетақы мен жәрдемақы уақытында берілетінін айтты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин теңге құнсыздағанына қарамастан, зейнетақы мен жәрдемақы уақытында берілетінін жеткізді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлемдердің толық көлемде және уақытылы төленуін қамтамасыз етсін. Жұмыспен қамтудың жол картасын әзірлеу қажет. Осы ретте жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында инфрақұрылым жобаларын іске асыру, әлеуметтік нысандарды жөндеу және елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын күшейту керек, - деді Асқар Мамин.
Ол еңбек министрлігі әкімдіктермен бірге азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы мен халықты жұмыспен қамту маңызды екенін айтты.
Біздің ортақ міндетіміз - әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және жұмыспен қамту. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерінің барлығы орындалады. Зейнетақы мен жәрдемақының барлығы уақытында әрі толық көлемде төленетін болады, - деді Үкімет басшысы.

Еске сала кетейік, осыған дейін Үкімет басшысы Асқар Мамин мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерді қамтамасыз ететіні туралы айтқан болатын. Әлемдік нарықта мұнай бағасының төмендеуіне байланысты ел бюджеті қайта қаралмақ. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысынан кейін баспасөз конференциясында айтты.

Өзгелердің жаңалығы