І тоқсаннан кейін бюджет нақтыланады – Дәленов

10 Наурыз 2020, 10:45
1515
Бөлісу:
І тоқсаннан кейін бюджет нақтыланады – Дәленов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір әлемдік нарықта мұнай бағасының төмендеуіне байланысты ел бюджеті қайта қаралмақ. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысынан кейін баспасөз конференциясында айтты.

Мемлекеттің азаматтар алдындағы барлық әлеуметтік міндеті толық көлемде орындалады. Екіншіден, жұмыс орнын құру өте маңызды бағыт. Бүгін Үкімет отырысында жаңа бағыт – жұмыспен қамтудың картасын жасау тапсырылды. Бұл жұмыспен қамтиды және елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылым құруды қамтиды. Үшіншіден, өткен жылдың қазан айында мемлекет басшысы макроэкономикалық, қаржы және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Желтоқсанда тиісті жоспар экономикалық саясат кеңесінде құрылды, бекітілді. Онда мұнайға байланысты экономиканың дамуы қарастырылған болатын. Бүгін біз мұнай бағасының төмендеуін көріп отырмыз. Міне, Үкімет барлық әрекетті сол жоспарға сай орындап отыр. Төртіншіден, кеше мемлекет басшысының тапсырмасымен шұғыл әрекет ету штабы құрылды. Бесінші, ел бюджеті. Ел бюджеті нақтыланатын болады. Бірінші тоқсан аяқталғаннан кейін белгілі болуы керек. Бюджет нақтыланғанда әлеуметтік шығындар, шағын-орта бизнес шығындары  және жұмыспен қамтуға аса мән беріледі. Отандық өндірушілерде қолдауға бағытталған мемлекет тапсырыс үлесін арттыру көзделеді. Бұл шаралар макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді, - деді Дәленов.
Өзгелердің жаңалығы