Мамин Өзбекстан президентімен келіссөздер өткізді

1 Қараша 2019, 19:23
1397
Бөлісу:
Мамин Өзбекстан президентімен келіссөздер өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ташкентте ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. 

ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сізбен бірге Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты қатынастарды стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығаруға негіз салды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясаттың сабақтастығын сақтайды және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударады, - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы бүгінде Қазақстан–Өзбекстан қарым-қатынасы ынтымақтастықтың сапалы жоғары деңгейіне шыққанын атап өтті. Мұны барлық дерлік деңгейлердегі өзара әрекеттесу қарқыны дәлелдейді.

Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, транзиттік-көлік, құрылыс, тоқыма, автомобиль жасау, мәдени-гуманитарлық, туристік және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша кең ауқымды мәселелер талқыланды.

2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ҚР мен ӨР арасындағы өзара сауда-саттық 25%-ға $2,6 млрд дейін өсті. Алдағы жылдары тауар айналымын $5 млрд дейін жеткізу жоспарда бар.

Ертең ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің (ҮБК) отырысына қатысады.


Өзгелердің жаңалығы