Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин коронавирус инфекцияcын диагностикалау хаттамасына сәйкес, қажетті мерзім аяқталғаннан кейін өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметінің жетекшісі Зарина Нұрланова хабарлады.
COVID-19-ға жасалған ақырғы талдау нәтижесі теріс қорытынды берді. Сондай-ақ бұған дейін өзін-өзі оқшаулаған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев осындай процедурадан өтті. Барлығынан COVID-19-ға теріс нәтиже алынды. Осыған байланысты Үкімет басшысы мен министрлер жұмыс кестесін штаттық режимде жалғастырады, - делінген хабарламада.
Оның айтуына қарағанда, қазіргі уақытта Үкімет отырыстары мен барлық кеңес селекторлық режимде өтуде.
Үкімет пен министрліктер үйінің ғимараттарында санитарлық тәртіп күшейтілді, қауіпсіздік шаралары қатаңдатылды, қызметкерлердің 80%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшті - деп жазды Зарнина Нұрланова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.