Мамин Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына дайындықты қарастырды

28 Қараша 2019, 15:41
3951
Бөлісу:
Мамин Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына дайындықты қарастырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы өткізілді, деп жазады primeminister.kz.

Шетелдік инвесторлар кеңесінің инвестициялық саясатты іске асыру бойынша бірлескен жұмыс топтарының энергетика, экология және мұнайгаз саласы , еңбек заңнамасы, адам капиталын дамыту және шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері туралы қызметі жөнінде  "EY" компаниясының Қазақстан және Орталық Азия бойынша басқарушы серіктесі Е. Досымбеков, "Аджип Каспиан Си Би Ви" басқарушы директоры Н. Аггоджери, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда өткізу және маркетинг жөніндегі "КНАУФ" директоры Д. Пропп баяндады. 

Отырыста Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысының хаттамалық тапсырмаларының іске асырылу барысы және  «Шикізаттық емес экспортты дамыту» тақырыбында 2020 жылы өтетін 33-ші отырысына дайындық қаралды. 

Кеңестің алдағы пленарлық отырысының тақырыбы аса өзекті. Қазақстанның Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, 2025 жылға қарай біз шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты көлемін $41 млрд-қа дейін жеткізу көрсеткішіне қол жеткізуіміз керек, - деп нақтылады А. Мамин.
Үкімет басшысы алдағы бесжылдық кезеңге инвестициялық жобалар пулының жалпы көлемі $120 млрд-қа жуықты құрайтынын айтты. Базалық индустрияландыру, АӨК, көлік, туризм және сауда-саттық инвестициялар өсімінің негізгі драйверлеріне айналады.

Шараға Кеңестің шетелдік мүшелерінің тұрақты өкілдерімен қатар, Үкімет мүшелері, "Атамекен" ҰКП және "Бәйтерек" ҰБХ АҚ" басшылығы қатысты.

Өзгелердің жаңалығы