Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады. Бұл туралы 24.kg хабарлады.
Тамчи ауылындағы «Ыстық-Көл» халықаралық әуежайында оны Қырғызстанның вице-премьер-министрі Замирбек Асқаров күтіп алды.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінің басшыларын Қырғызстан Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков қабылдайды деп күтілуде.
Айта кетейік, 9 тамызда Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы өтеді.
Бұған дейін Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың Қарулы күштерге берілгені хабарланған болатын.