Мамин министрлер мен әкімдерге бірқатар тапсырма берді

2 Наурыз 2021, 09:48
3242
Бөлісу:
Мамин министрлер мен әкімдерге бірқатар тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  премьер-министр Асқар Мамин АӨК-ті дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобаларды іске асыру туралы өткен  Үкімет отырысында айтты.

Бірінші. Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестициялық жобаларды өңірлер бөлінісінде іске асыру бойынша нақты жоспарлар айқындалған. Біздің мақсатымыз – өңірлердің мамандануын ескере отырып және кооперация қағидаттарының негізінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіру мен өңдеу бойынша 7 экожүйені құру. Бұл ет, сүт, астық, майлы дақылдар, жемістер, көкөністер және қант өндірісі, - деді ол.

Осыған байланысты Премьер  Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп екі апта мерзімде инвестициялық жобаларды  іске асыру жөніндегі жол карталарын дайындауды тапсырды.

Әкімдер ішкі нарықты молықтыру және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін аталған жобаларды іске асыру мәселесін ерекше бақылауға алсын.Біздің агроөнеркәсіптік кешен саласын табысты дамыту мен Nur Otan партиясының бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспарларымыз осыған байланысты. Екінші. Биылғы жылы Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба қабылданатын болады, оған бүгін айтылған міндеттер мен оларды іске асыру шараларды енгізу керек, - деді Мамин.

Ол атағанда, бұл ретте шоғырландырылған ұсыныстарды әзірлеу үшін осы жобаны ауыл шаруашылығы субъектілерімен талқылауды өткізу керек.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне аталған жұмысты биылғы жылы наурыз айының соңына дейін аяқтауды және Үкіметте Ұлттық жоба тұжырым-дамасының таныстырылымын өткізуді тапсырамын.Үшінші. Қойылған мақсаттарды тиімді іске асыру білікті кадрлардың болуын талап етеді.Салада, әсіресе ветеринариялық-фитосанитариялық қызметтерде мамандар тапшы, мұны тәжірибе көрсетіп отыр, - деді премьер-министр. 

Сонымен қатар Мамин АШМ мен БҒМ-ға да тапсырма жүктеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне Білім министрлігімен бірлесіп, аграрлық ғылым мен білімді дамыту жөніндегі бағдарламаны әзірлеу, аграрлық жоғары оқу орындарындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен жұмыскерлерінің кәсіби біліктілігі дамыту бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырамын, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы