Мамин Мәжіліс депутаттарының сайлауында ҚХА атынан дауыс берді

11 Қаңтар 2021, 10:51
1467
Бөлісу:
Мамин Мәжіліс депутаттарының сайлауында ҚХА атынан дауыс берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі және Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің (ҚХА) мүшесі Асқар Мамин ҚХА-ның XXVIII сессиясына қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Дауыс беру Бейбітшілік және келісім сарайының ғимаратында өтіп жатыр. 

ҚХА Кеңесі Парламент Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат ұсынды: Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты, ҚХА мүшесі Сауытбек Әбдірахманов, Батыс Қазақстан облысы армян этномәдеми «Масис» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Аветик Амирханян, Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округінің әкімі Ілияс Буларов, Көкшетау қаласы білім бөлімінің «Техникалық лицей» КММ директоры Наталья Дементьева, «Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» ЗТБ төрағасы, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі Юрий Ли, «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, ҚХА мүшесі Вакиль Набиев, «Шығыс» шаруа қожалығының жетекшісі, ҚХА мүшесі Шамиль Осин, «ЖетісуОблГаз» ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов, «Әзербайжан қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Абилфас Хамедов.


Өзгелердің жаңалығы