Мамин кезекті Жол картасын әзірлеуді тапсырды

3 Тамыз 2021, 10:31
2063
Бөлісу:
Мамин кезекті Жол картасын әзірлеуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында айтты.

Жамбыл облысында осы жоба аясында 11 ауылдық мекендердегі кәсіпкерлер саны 3 еседен астам артты. Жалпы 8 мыңнан астам жеке қосалқы шаруашылықтар осы бағдарламаға қатысты. Халықтың жұмыспен қамтылуы өсті және осы жобаға қатысатын адамдардың орташа табысы 2 есеге өсті. Ал атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 3 есе азайды, - деді ол.

Оның айтуынша, облыстың ауыл тұрғындарының табысын арттыру тәжірибесі өз тиімділігін көрсетті және Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапты.

Бұл жобаны елдің басқа өңірлерінде де қолдану қажет. Жобаны басқа облыстарда іске асыру үй жанындағы жерлерді пайдалану тиімділігін, үй мал шаруашылығының өнімділігін арттырады, үлестік жер телімдерін оңтайлы пайдалану, кооперативтерді қажетті техникамен жабдықтау, сондай-ақ ауылдағы бизнес жобаларды қаржыландыру қамтамасыз етіледі, - деді Мамин.

Премьер-министр осы мәселе бойынша Жол картасын әзірледі тапсырды.

Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігіне Еңбек, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен және «Атамекен» палатасымен бірлесіп, бір ай ішінде жобаны басқа өңірлерде де кеңінен қолдану жөніндегі Жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Роман Васильевич, жалпы бақылау сізге жүктеледі, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Мамин бизнеске қатысты бірқатар тапсырма берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы