Мамин қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

8 Наурыз 2021, 09:25
1373
Бөлісу:
Мамин қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Аяулы аналар, арулар, cіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Сіздердің бойларыңыздағы шексіз сүйіспеншілік, мейірім мен нәзіктік әр адамның өмірін бақыт пен берекеге толтырады. Әрбір отбасының ұйытқысы бола отырып, cіздер жас буынға тәлім-тәрбие беруде және өскелең ұрпақтың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда ерекше орын аласыздар.

Қоғам өмірінің сан түрлі салаларындағы еселі еңбектеріңіз арқылы cіздер Қазақстанның дамуына да орасан зор үлес қосып отырсыздар.

Өміріміздегі қуанышты да жарқын сәттер үшін біздің шынайы алғысымызды қабыл алыңыздар! Біз сіздерді ардақтаймыз және жақсы көреміз!

Бақуатты және бақытты болыңыздар!, - деді  Асқар Мамин.

 



Өзгелердің жаңалығы