Оқи отырыңыз:
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы онлайн өткен Үкімет отырысы кезінде ҚР премьер-министрі Асқар Мамин айтты.
Айта кетейік, бүгін Үкіметтің онлайн отырысында «АӨК және жер қатынастарын цифрландыру» тақырыбы қаралып жатыр.
Nur Otan партиясының сайлауалды жаңа бағдарламасына сәйкес алдымызда агроөнеркәсіптің еңбек өнімділігін 2,5 есе өсіру, сондай-ақ оның экспортын 2 есе ұлғайту міндеті тұр. Экспортталатын өнімнің 70%-і өңделген болуы керек, - деді Мамин.Ол атағандай, алға қойылған міндеттерге қол жеткізудің басты құралы – еліміздің агроөнеркәсіп кешенін толық цифрландыру. Ол өнімдерді өндіруге жұмсалатын шығындарды азайтады және сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 100 млн гектардан астам жер 5 жыл ішінде цифрландырылудан өткізіледі. Оған мемлекеттік жекеменшілік әріптестік аясында 50 млрд теңге инвестиция қажет болады. Қазіргі күннің өзінде бұл саланы цифрландыру нәтижесінде тиімді тәжірибе жинақталып жатыр, - деп атап кетті Асқар Мамин.
Премьер-министрдің айтуынша, өсімдік пен мал шаруашылығындағы цифрландыру жиналатын астықты 20%-ға дейінге арттыруға мүмкіндік береді. Ал фермерлердің шығыны 15%-ке қысқарады.
Алдағы уақытта цифрландыру есебінен астық жинау жылына 25 млн тоннаға дейін көбейеді, - деді ол.