Мамин Ауғанстан премьер-министрімен келіссөздер өткізді

1 Қараша 2019, 21:38
1248
Бөлісу:
Мамин Ауғанстан премьер-министрімен келіссөздер өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің (ҮБК) отырысына қатысу үшін Ташкент қаласына жасаған сапар аясыда Ауғанстан премьер-министрі Абдулла Абдулламен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты. 

"Біз Ауғанстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға және арттыруға ерекше көңіл бөлеміз. Бұған көп жылдар бойы жалғасып келе жатқан екіжақты саяси диалогтың жоғары деңгейі дәлел бола алады", - деді Асқар Мамин.
Келіссөздер барысында ҚР-ның АИР-мен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығы, қазақстандық бизнестің Ауғанстанның энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі және мұнай-газ өнеркәсібі, көлік саласын дамытуға қатысуы мәселелері қаралды. 

А. Абдулла Қазақстанға көрсеткен гуманитарлық және басқа да көмектері, оның ішінде АИР дамыту бойынша ресми көмек желісі бойынша және қазақстандық жоғары оқу орындарында, орта арнайы және кәсіптік оқыту мекемелерінде ауғанстандық мамандарды даярлаудағы көмегі үшін алғысын білдірді.

Тараптар екіжақты және өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша диалогты дамыту туралы келісімге келді. 


Өзгелердің жаңалығы