Мамин Ақмола облысындағы астық жинау науқаны мен жем-шөп дайындау барысын тексерді

9 Қыркүйек 2021, 16:02
1851
Бөлісу:
Мамин Ақмола облысындағы астық жинау науқаны мен жем-шөп дайындау барысын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Ақмола облысындағы күзгі дала жұмыстарының барысын тексерді. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда биыл егін жинау науқаны уақытылы басталды, бүгінгі таңда 11,8 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе 74,3% жиналды, орташа өнімділік 8,7 ц/га құрағанда 10,3 млн тонна бастырылды.

Ақмола облысындағы жаздық егіс алаңы 5 млн га құрады, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 4,5 млн га (108,4 мың га өсім), майлы дақылдар – 266,5 мың га (+56,8 мың га), жүгеріні қоса есептегенде жем-шөп дақылдары – 191,4 мың га (+6,1 мың га), картоп – 20,6 мың га, көкөністер – 3,5 мың га. Қазіргі уақытта Ақмола облысы бойынша 3,5 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жинау алаңының 78%-ы бастырылды. Орташа өнімділігі 8 ц/га құрағанда, 2,8 млн тоннадан астам астық жиналды. Қысқы кезеңге дайындық аясында 1,2 млн тонна шөп немесе жоспарланған көлемнің 95%-ы, 176 мың тонна пішендеме (жоспардың 72%-ы), 43 мың тонна сүрлем (23%), 152 мың тонна (15%) сабан дайындалды. Ауа райы қолайлы болған жағдайда егін жинау науқанын оңтайлы мерзімде – қыркүйектің соңына дейін аяқтау көзделген. Үкімет басшысы Жақсы ауданындағы күзгі дала жұмыстармен, жергілікті ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасымен, дәнді және жем-шөп дақылдарын өңдеу және тазарту, сондай-ақ ет және сүт өнімдері өндірісін кеңейту жобаларымен танысты. А. Мамин «Агрофирма TNK» ЖШС өндірістік алаңдарының біріне барды, ол 15 кәсіпорыннан тұрады және элеваторларды, диірмендерді, құрама жем және жарма зауыттарын, агрохимиялық зертхана мен наубайхананы қамтиды. Жұмыскерлерінің жалпы саны 2 мың адамды құрайды, ауыл шаруашылығы жерлерінің аумағы – 430 мың га, егіс алқабы – 200 мың га, элеваторларда бір жолғы сақтау көлемі – 500 мың тонна. Ұн өндіру қуаты – жылына 350 мың тонна, құрама жем өндіру қуаты – 80 мың тонна, жарма өндіру қуаты – 18 мың тонна.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске асырылуын бақылау шеңберінде Премьер-министр Жақсы ауылының әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін – көппәтерлі тұрғын үйді, спорт мектебін және сауда орталығын аралап көрді. Биылғы жылдың қаңтар-шілде айларында Ақмола облысының ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға өсіп, 154 млрд теңгені құрады. Өңделген ет өндірісі 50,1%-ға (47,1 мың тонна), шұжық өнімдері өндірісі 31,6%-ға (1,6 мың тонна), сүт өнімдері өндірісі 1,9%-ға (60,5 мың тонна) ұлғайды.

Осы жылдың қаңтар-шілде айларында аграрлық секторда негізгі капиталға салынған инвестициялар 60,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2 есе көп. Нұр-Сұлтан қаласының айналасында Азық-түлік белдеуін дамыту аясында жалпы сомасы 41,7 млрд теңгеге 50 инвестициялық жобаны іске асыру – бордақылау алаңдарын, сүт-тауар фермаларын, құс фабрикаларын, астық және көкөніс қоймаларын, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кешендерін салу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы