Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Мәмілеге келіңдер": Трамп Украинаға кеңес берді

16 Тамыз 2025, 11:55
671
Бөлісу:
 Scott Olson / Getty Images
Фото: Scott Olson / Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Путинмен кездесуінен кейін Fox News арнасына сұхбат беріп, келіссөздерді "ондыққа татитын" деп бағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ "ірі ядролық державалар арасындағы диалогтың" маңыздылығын атап өтті.

Трамптың айтуынша, Ресей мен Украина келісімге жақын қалған, алайда мәміленің нақты шарттарын ол ашып айтқан жоқ. Сондай-ақ оның Ресей президентімен қай тұста көзқарасы сәйкес келмейтінін де нақтыламады, тек бұл сұрақтарға "жауап бермегенді жөн көремін"» деп шектелді. 

Оның сөзінше, ендігі шешім толығымен Украина президенті Владимир Зеленскийге байланысты. Трамп сонымен қатар Путин мен Зеленскийдің кездесуін алдағы аптада ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек, ол Зеленскийге Ресеймен келісімге келуге кеңес берді.

"Келісім жасаңдар. Келісімге келу керек. Тыңдаңыздар, Ресей – өте үлкен мемлекет. Ал олар (Украина – ред.) – ондай емес. Олар керемет сарбаздар (украин сарбаздары – ред.), – деді Трамп Fox арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Путин мен Трамптың шағын форматтағы келіссөздері өтті.

Ал өз кезегінде Владимир Зеленский кездесуден не күтетінін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы