Мамандар жүрек талмасының негізгі белгісін атады

4 Сәуір 2021, 13:42
2289
Бөлісу:
Мамандар жүрек талмасының негізгі белгісін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Адамдар жүрек талмасының көптеген белгісін ағзадағы басқа аурулармен шатастырып жатады. Express басылымы адам өміріне қауіп төндіретін белгілерді анықтады.

Кеуде тұсынан дененің басқа бөліктеріне қарай таралатын ауырсыну, шаншу және жайсыздық - жүрек талмасының негізгі симптомы саналады. 

Осы белгіні байқаған жағдайда дереу дәрігердің көмегіне жүгіну қажет.

Бұдан бөлек жүрек талмасы кезінде жүрек айнып, бас айналуы мүмкін. Кейбір науқас өздерін үрей бойлайтынын айтады.

Аталған симптом кенеттен пайда болуы мүмкін. Кей жағдайда бірнеше күнге жалғасуы ықтимал.

Дәрігерлердің айтуынша, дұрыс диета арқылы тамақтану жүрек саулығын сақтауға көмектеседі. Бұл ретте тек тұтынатын тағамдарды ғана таңдап жемей, ішетін сусындарға да абай болған жөн. 

Бұған дейін мамандар жүрек-қантамыр жүйесі жағдайына жағымсыз әсер ететін сусындарды атаған болатын.


Өзгелердің жаңалығы