Мамандандырылған ХҚКО қалыпты режимде жұмыс істеуде

8 Қаңтар 2020, 13:47
1649
Бөлісу:
Мамандандырылған ХҚКО қалыпты режимде жұмыс істеуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 қаңтардан бастап Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында "Көлік құралдарын тіркеу" және "Жүргізуші куәлігін беру" қызметтері қалыпты режимде жұмыс істеуде. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сағат 10.20-дағы жағдай бойынша республика бойынша 1600-ден астам көлік құралы тіркеліп, 450-ден астам жүргізуші куәлігі берілді, деп көрсетілген Әкімшілік полиция комитетінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, ІІМ жаңа ақпараттық жүйесінде анықталған ақаулықтарға байланысты 6 қаңтарда Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейтіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы