«Маман жетіспейді». Шәріпханов өрт сөндірушілердің мәселелері туралы айтты

18 Қазан 2023, 13:38
1290
Бөлісу:
«Маман жетіспейді». Шәріпханов өрт сөндірушілердің мәселелері туралы айтты
Фото: автордан

Елімізде өрт сөндірушілердің мәселесі қалай шешіліп жатыр. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде өрт сөндірушілер 89 пайыз техникамен қамтамасыз етіліп отыр. Өкінішке қарай, олардың 20 пайызы 20 жылдан астам уақыт пайдаланылған. Әрине, техника тозады, бір орында тұрмайдығой, сондықтан жылда жаңарту жұмыстары жүргізіледі, – деді Төтенше жағдай министрі.

Сырым Шәріпханов салада маман тапшылығы барын екенін айтты.

Еліміз бойынша 6 оқу орталықтары бар. Бүгіннің өзінде 42 адам Астана қаласы бойынша ант қабылдап қатарымызды қосылды. Жұмыс орнының санын айтар болсақ, бізге 2 мыңға жуық маман жетіспейді, –деді ол.

Ол былтыр Қостанайдағы жағдайдан соң өрт сөндірушілердің айлығы көтерілгенін атап өтті.

Өрт сөндірушілердің жалақысы 10-77 пайызға дейін артып отыр. Қазіргі таңда жаңадан келген маман 200 мыңның үстінде алады. Жалақы тәжірибесіне қарай өсіп отырады және премия беріліп, әскери шенге төленеді, – деді Шәріпханов.

Өзгелердің жаңалығы