Маман коронавирусты жеңудің ең дұрыс жолын айтты

20 Сәуір 2021, 11:31
4791
Бөлісу:
Маман коронавирусты жеңудің ең дұрыс жолын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов елордадағы эпидемиологиялық жағдай және тұрғындарды COVID-19-ға қарсы вакциналау бойынша өткен брифингте айтты.

Халықты коронавирусқа қарсы екпені алу белсенділігінің жоғары болуына байланысты қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жылжымалы бригадаларды ұйымдастырып, еңбек ұжымдарын жаппай вакцинациялауға кірісіп кетті. Әртүрлі кәсіпорындарда вакцина салу қызметкерлер саны мыңға дейін жетеді, - деді ол.

Мұратов айтқандай, вакцинация коронавирусты жеңудің ең дұрыс әрі дәлелденген түрі.

Иммунитеті бар адам өзі де жұқтырмайды, өзгеге де таратпайды. Сондықтан індеттің таралуын тежеу вакцинация арқылы жүзеге асырылады, - деді Тимур Мұратов.

Оның айтуынша, сауда орталықтарындағы екпе пункттері жұмыс істеп жатыр.

Mega Silkway сауда орталығында 1800-ден астам адам вакцина алған. Осындай пункттер Әбу-даби плаза мен «Керуенде» ашылады. Қаланың халқы көп шоғырланған аудандарында осындай пункттерді қажеттілік ашу жоспарланған, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы