Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ Ұлттық Фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингінде айтты.
Ол айтқандай, андидене вакцинаның екінші кезеңін алған соң 35 күннен кейін қалыптасады.Коронавирусқа қарсы вакцина алу оны қандай да бір себептермен ала алмайтын адамдарды сақтау дегенді білдіреді. Оның ішінде балалар мен жүкті әйелдер, иммундық қажеттілігі бар адамдар бар. Көп адам вакцина ауруды қоздырып жіберуі мүмкін бе? деген сұрақты көп қояды. Қазір халықтың басты мақсаты – вирустың таралуын тоқтату, - деді Ералиева.
Адамдар вакцинадан кейін антидене міндетті түрде қалыптасатыны бойынша да сұрақ қояды. Андиненің қалыптаспауы салдырған адамдардың әрекетіне байланысты болады. Вакцина алған соң адам алкоголь ішсе, андидене қалыптаспауы мүмкін. Сондай-ақ иммунодепрессант қабылдайтын адамдарда андидене қалыптаспайды. Иммунологиялық қажеттілігі жоғары жандар, ЖҚТБ мен онкологиялық науқастарда қалыптаспауы мүмкін. Ағзаның генетикалық ерекшеліктері туралы да ұмытпау керек. Халықаралық зерттеу бойынша әлем халқының пайызында кез келген вакцинаға антидене қалыптаспайды. Вакцина - індетті жеңудің жолы, - деді ол.