Маман кеңесі: Сағыз бен консервіленген тағам ағзаңызды баяу өлтіреді

23 Қыркүйек 2023, 03:50
1168
Бөлісу:
Маман кеңесі: Сағыз бен консервіленген тағам ағзаңызды баяу өлтіреді
Фото: baq.kz

«Ауру – астан» деген. Сондықтан тұтынатын тамаққа мұқият болу керек. Дүкенде бізді баяу өлтіретін тағамдар толы, ал біз ауруымызды тәуелділікке әкелетін дәрілермен емдеуге тырысамыз. Денсаулыққа зиян келтірмес үшін ас мәзірден нені алып тастау керек екенін хирург, андролог, медицина ғылымдарының кандидаты Марк Гадзиян өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1. Маргарин, тазартылған өсімдік майлар

Бұл майдың құрамы таза химия, өйткені маргаринді қыздырмай, химиялық қоспасыз алу мүмкін емес. Маргарин мен пальма майының құрамында жүрекке, қан тамырларына зиян келтіретін транс май мен радикалдар бар, олар Альцгеймер ауруын, семіздік пен қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін!

100 грам маргариннің құрамында - 15 грам транс май бар. Негізінен дүкенде сатылатын барлық кондитерлік өнімде маргарин бар!

2. Сағыз

Сағызда химиялық және синтетикалық қоспа, тәттілендіргіштен басқа ештеңе жоқ. Үнемі сағыз шайнаудың салдары бүйрек мәселесін, асқазанның бұзылуы, бүйрек тас, бауыр ауруы және тіпті деменцияның дамуына алып келеді.

3. Майонез және кетчуп

Майонез құрамында транс майлары бар өте калориялы тағам. Салатқа бірнеше қасық майонез қосу арқылы көкөністің барлық пайдасын жоясыз.

Ал кетчуп құрамында жасырын қант, тұз, дәм күшейткіш пен консерванттар, тұрақтандырғыш қоспасы бар. Бағасы арзан кетчуптерде тіпті транс майлар бар. Кетчуптың бір пакетінде жалпы мөлшердің 5-ші бөлігі қанттан тұрады.

4. Чипсы және "Фри" картофелі

Егер бұрын чипстер табиғи картоптан жасалса, қазір оларды бидай мен жүгері крахмалының тұз бен дәмді жақсартатын қоспасынан дайындайды. Айтпақшы, чипстің қытырлауы есірткімен бірдей дәрежеде тәуелділік тудырады. Чипсте ең қауіпті зат қатерлі ісік қаупін арттыратын акриламид бар.

5. Тәтті газдалған сусындар

Олардың құрамына әрбір 100 милилитрге 10 грамнан астам қант қосылады. Жеңіл нұсқа деп санап жемістің шырыны туралы сұрасаңыз, онда да көп мөлшерде қант бар. Мысалы, жарты кесе алма шырынында 4 қасық қант бар. Мұның соңы семіздік, қант диабеті және гормоналды бұзылумен аяқталуы мүмкін.

6. Консервілер

Консервіленген ет пен балық қаптамаға кірмес бұрын құрамында пайдалы ештеңе қалмайтындай етіп өңдеуден өтеді. Тіпті денсаулыққа зиян саналады. Консервіленген тағам жүрек-қан тамырлары жүйесінің бұзылу қаупін арттырады. Сонымен қатар, олардың құрамында ішек қатерлі ісігінің даму қаупін арттыратын канцероген бар.

7. Қант, кәмпит

Кәмпиттің гликемиялық индексі - 100 бірлік. Демек, жегеннің бәрі бірден майға айналады. Содан кейін қант диабеті, семіздік және аллергия қайдан пайда болатынына таңғалудың қажеті жоқ.

Қант - ақ у ғана емес, оған қоса қатерлі ісік торын тамақтандыратын тамаша орта.

8. Ақ ұн, ақ нан, ақ ұннан жасалған кондитерлік өнімдер

Ақ ұн мүлде пайдалы емес. Оның құрамында крахмал, глютен және ақ түске бояйтын химиялық реагент бар.

Құрамында маргарин мен қант бар, ақ ұннан жасалған кондитерлік өнім ағзаға үлкен зиян келтіреді, кейін ол семіздік, жүрек ауруы және қатерлі ісік ауруына айналады.

9. Арзан шұжықтар

Шұжық табиғи еттен дайындалса, қауіпті ешнәрсе жоқ. Алайда, көп шұжықта май, жануардың терісі, шеміршек, ет қалдықтары жасырылған. Одан бөлек +25-30% трансгенді соя, эмульгатор, қоюландырғыш бар.

10. Кофе мен кофе сусындары

Бүгін кофенің құрамында антиоксидант бар болғандықтан, пайдалы сусын екені туралы көп айтылады. Бірақ оны жеміс-жидекпен алмастырсаңыз әлдеқайда пайдалырақ!

Кофе үнемі тұтынылатын болса, тәуелділікке айналатын энергетикалық балдақ. Көптеген адам таза кофемен шектеліп қоймай, сусынға калориялы қант, сироп, кілегей қосып оны тәттіге айналдырады.

Өзгелердің жаңалығы