Маман қазақстандық вакцинаның тиімділігі қалай тексерілгенін айтты

20 Мамыр 2021, 18:47
1777
Бөлісу:
Маман қазақстандық вакцинаның тиімділігі қалай тексерілгенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты бас директорының ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары Ерғали Әбдірайымов қазақстандық вакцинаға арналған онлайн брифингте айтты.

Параметрлер бойынша қаралады және әртүрлі жүйелерде сыналады. Лабораториялық зерттеуде сезімтал модель бойынша сынамалар бар. Жасушалардың мәдениетін тексеретін тестілер болады. Молекулярлық-биологиялық қосымша тестілер жүзеге асырылады. Олар вирусты анықтауға мүмкіндік береді, - деді ол.

Ерғали Әбдірайымов атап өткендей, инактивтелгеннен кейін материал лабораториялық жануарларда сыналады.

Жануарлар бақылауда болады. Оған қоса вирустың активтелген немесе инактивтелгенін тексеретін тест бар. Жасушаларға вирус енгізіліп, олардың тірі не өлі екенін бақылауда болады. Осы сынды көп сынамалар жүзеге асырылады, - деді Ерғали Әбдірайымов.

Оның айтуынша, вакцинаны әзірлеу технологиясы мен вакцинаның тиімділігі екі бөлек дүние.

Вакцинаға ағзаның жүйлек әсері болады. Ол иммуно-биологиялық әсер деп атйға болады. Салған жердің қызаруы, ауырсынуы, қызудың көтерілуі сынды әсерлер болуы мүмкін, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы