Маман Қазақстанда жасалған вакцинаны ерте пайдаланудың себебін түсіндірді

9 Сәуір 2021, 13:31
2052
Бөлісу:
Маман Қазақстанда жасалған вакцинаны ерте пайдаланудың себебін түсіндірді

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының директоры Күнсұлу Закарья вакцина әзірлеудегі клиникалық сынақтар туралы айтты. 

Кез келген клиникалық зерттеулер халықаралық стандарттар аясында жүзеге асырылады. GSP деген стандарт бойынша зерттеушілер мен еріктілерге қатаң тәртіп бекітіледі. Бүгінгі таңда үшінші фазаға қатысқан 3 мың еріктінің жағдайы жақсы, - деді ол.
Закарья айтқандай, вакцина алғандарда хаттама бойынша қалыпты симптомдар байқалуы мүмкін.
Олар: қызудың көтерілуі, вакцина еккен орынның ауырсынуы. Қазіргі кездегі күрделі жағдай мен пандемияны ескере отырып, көп ел ортақ тактиканы қолданып жатыр. Бүгінгі таңда вакцина әзірлеп жатқан елдердің барлығы екінші кезеңдегі сынақтан кейін немесе үшінші кезеңнің жартысынан кейін вакцинаны медициналық  қолдануын бастайды. Уақыт күтіп тұрмайды. Үшінші кезең сынағының 50 пайызы қанағаттанарлық болса, өзге ел мен біздің елдің денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны медициналық тұрғыда пайдалануға рұқсат береді,-деді ол.

Айта кетейік, қазақстандық вакцина жасайтын зауыт Жамбыл облысында салынып жатыр. Нысанның құрылысы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының құзырына кірмейді. 

Оған жауапты орган - Жамбыл облысының әкімдігі.

Өзгелердің жаңалығы