Малайзияда ұшақ апатқа ұшырады

18 Тамыз 2023, 17:19
694
Бөлісу:
Малайзияда ұшақ апатқа ұшырады

Малайзияның Селангор орталық штатындағы кішігірім ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

The Guardian таратқан мәліметке сүйенсек, қайғылы оқиға 10 адамның өмірін жалмаған. Ұшақта болған сегіз жолаушы мен екі жол қозғалысына қатысушы көз жұмғаны белгілі болды.

Елдегі азаматтық авиация басқармасы ұшақ құлаған кезде бортта алты жолаушы мен екі экипаж мүшесі болғанын мәлімдеді.

Әуе кемесі Лангкваи курорт аралынан ұшып шығып, Куала-Лумпурдың батысындағы Сұлтан Абдул-Әзиз-Шах әуежайына бет алған.

Қайғылы жағдайдың куәгерлері Beechcraft Model 390 ұшағы Шах-Алам маңындағы Эльминге құлап, өртке оранғанын айтуда. Тұрғындар қатты жарылыстың дауысын естіген.

Ал ұшақ жерге құлаған кезде оқиға орнында кездейсоқ болған көлік жүргізушісі мен мотоциклист те ажал құшты.

Өзгелердің жаңалығы