Мал ұрлығын болдырмас үшін не істеу керек?

15 Қаңтар 2024, 11:39
448
Бөлісу:
Мал ұрлығын болдырмас үшін не істеу керек?
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Мал ұрлығының алдын алу шаралары туралы полицейлер нақты кеңес берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

ІІМ апталық брифингі барысында сөз алған криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбеков мал ұрлығының алдын алу шаралары туралы айтты.

Маманның айтуынша мал ұрлығын тоқтату, қылмыстық қол сұғушылықтардан өз малдарын қорғау үшін ең қарапайым нормалар ұсынылады.

Малдарды қараусыз қалдырмау үш жақты келісімшартқа отыру керек. Ол иесі, әкімшілік және малшы. Асыл тұқымды малды бақылау үшін GPS-трекерлерін орнату керек. Мал басын міндетті түрде таңбалау керек. Бұл болашақты ұрланған, жоғалған малдарды іздеуде әсер етеді,- дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы