"Мал шаруашылығындағы субсидиялар" тақырыбында екінші онлайн кеңес өтеді

23 Сәуір 2020, 14:30
1604
Бөлісу:
"Мал шаруашылығындағы субсидиялар" тақырыбында  екінші онлайн кеңес өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 сәуірде сағат 20.30-да "Ауыл" партиясының Facebook және Instagramm парақшаларында ауылшаруашылық тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау шаралары туралы екінші онлайн-кеңес өтеді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұл партия тарапынан ұйымдастырылатын екінші онлайн кеңес. Бірінші тікелей эфирдегі шарада "мемелекеттік инвестсубсидиялар" мәселелері талқыланған болатын. Алғашқы онлайн кеңестің өзінде аймақтардағы фермерлердің белсенділігі байқалды. Мемлекеттік инвест субсидиялар бойынша тікелей эфирге шаруалардан 100 ден астам сұрақ келіп түсті. Жауапты маман бұлардың басым бөлігіне тікелей эфирде жауап берсе, кейбір сауалдар эфирден соң құзырлы мемлекеттік органдарға жіберілді. Бұл сауалдардың жауаптары "Ауыл" партиясының парақшаларында алдағы күндерде жарияланатын болады.

"Мал шаруашылығындағы субсидиялар" тақырыбындағы бүгінгі  екінші онлайн кеңесте, ҚР АШМ мал шаруашылығы департаменті директорының орынбасары Қайрат Мутаев фермерлердің көкейкесті сұрақтарына жауап береді.

Бұл онлайн-конференция "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының бастамасымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен "ҚазАгро" холдингі" АҚ қолдауымен ұйымдастырылуда. Ұйымдастырушылар аптасына 2 рет жиіліктегі осындай онлайн-кеңес жүргізуді жоспарлап отыр.  Онлайн алаңда өсімдік шаруашылығындағы субсидиялар, "Ауылшаруашылық тауар өндірушілерін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы несиелендіру, кішігірім ауылшаруашылық тауар өндірушілерін "Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қоры" АҚ арқылы несиелендіру,  "Ұлттық азық-түлік келісім шарт корпорациясы" АҚ арқылы ауылшаруашылық өнімдерді тұрақтандыру, тұқымдық және жем қорларына сатып алу сияқты фермерлер қауымы үшін аса  маңызды мәселелер көтеріледі, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы