Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мал іздеуге шыққан: Қарағанды облысында екі азамат із-түзсіз жоғалып кетті

Бүгiн, 21:51
206
Бөлісу:
 Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысында мал іздеуге шыққан екі азамат із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, 17 қаңтар күні сағат 11:45-те полицияға Абай ауданы Юбилейное ауылдық округінде екі адамның жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, олар 16 қаңтар кешкі уақытта Toyota Land Cruiser автокөлігімен мал іздеуге шығып, содан кейін олармен байланыс үзілген.

Іздеу барысында туыстары Айда қыстауы маңынан көлікті тапқанымен, ішінде ешкім болмаған. Осыдан кейін полиция жедел іздестіру шараларын ұйымдастырды. Іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің күштері, тікұшақ және еріктілер тартылды, - делінген ақпаратта.

Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде 39 және 68 жастағы азаматтар аман-есен табылды. Қазіргі таңда олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы