Бұл туралы әлеуметтанушы Ілияс Тілеубергенов «Ұлттық идеология және ...» жобасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанның ен даласы – мал бағуға, егінге арналған жер. Осы орайда, «Неге біз Еуропа боламыз, дамыған 50 ел боламыз немесе жасыл экономика құрамыз деп бәлкім табиғатымызға келмейтін нәрсе жасауға тырысып жатырмыз? Құдай берген жерде малыңды бақ, малыңды бақ та, етіңді сат, - деді ол.
Әлеуметтанушы Қытайда 1,5 миллиард, оңтүстікте Пәкістан, Үндістан, Бангладешті қосқан кезде 2 миллиард, Ресейде 140 миллион халық бар екенін алға тартты.
Біз азық-түлікпен қамтамасыз ететін мықты ел болатын едік, егер 30 жылда ауыл шаруашылығын қолға алған кезде. Бірақ бәлкім жоғарыда отырғандар намыстанды. «Біз мал баққан халық емеспіз ғой» дегендей. Бәлкім кезінде орыстілділер бізге «Қараңғы қазақ, мал баққаннан басқа шаруаларың жоқ» дегенде намыстанғаннан ауыл шаруашылығы дамымай қалды, - деді Тілеубергенов.
Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден аласыз.