Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ президенті Дональд Трамптан Украинаға әскер жіберу арқылы қолдау көрсетуді сұрады. Бұл туралы ол Парижде өткен кезекті ЕО саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Эммануэль Макрон Еуропада әскер орналастыру үшін АҚШ-тың қолдауын қалайды. Алайда ол сондай-ақ АҚШ-тың қатысуынсыз әрекет етуге дайындалу қажеттігін де атап өтті, – деп хабарлайды BFM TV.
27 наурызда Парижде Украинаға қатысты ЕО саммиті өтті. Еуропа көшбасшылары бітімгерлік күштерін жіберу мәселесін талқылап, Ресейге қарсы санкциялар тақырыбын қозғады. Бірақ бұл шешімді қабылдауға әлі ерте екенін атап өтті.
Саммит қорытындысы бойынша Макрон ЕО елдері Украинада бітімге келу бойынша өз жоспарларын дайындап жатқанын айтты. Оның айтуынша, үш апта ішінде "арнайы коалиция" құрылып, оның міндеті Киев үшін қауіпсіздік кепілдіктерін әзірлеу болады. Бұл бастама Украина мен Ресей арасындағы ықтимал бейбіт келісім аясында жүзеге асырылмақ.