Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді

Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 primeminister.kz 1 Қараша 2023 2023, 11:02
1 Қараша 2023 2023, 11:02
1505
Фото: primeminister.kz

Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәртебелі мейманды елорда әуежайында премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды.

Қысқаша әңгіме барысында Үкімет басшысы Эмманюэль Макронның бұл сапары Астана мен Париж арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, екі елдің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.

Наверх