Бұл туралы Ақордада шағын құрамдағы келіссөзде Франция президенті Эмманюэль Макрон мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз мәдени байланыстардың көбірек болғанын қалаймыз, қарым-қатынасымыздың осы қырын да дамытқымыз келеді. Қазіргі жағдайдан әлдеқайда алға жылжығымыз келеді, – деді Франция басшысы.
Ол бұл бағытта мысал ретінде француз тілін оқытуды қазақ мектептеріне қайта қолға алынуы туралы айтты.
Біз жағдайды өзгерту үшін бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз. Мен білім беру ұйымдары арасында қол қойылған үкіметаралық келісімге үлкен үміт артатыныма өте қуаныштымын. Мен серіктестігіміздің жаңартылғанына және француз-қазақ университетінің 2024 жылдың қыркүйегінде жұмыс істейтініне қуаныштымын, – деді Макрон.
Еске сала кетсек, бүгін Ақордада Мемлекте басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронды қарсы алды.
Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.