Макрон: Еуропа АҚШ-тың баж салығына жауап береді

Франция Президенті Эммануэль Макрон АҚШ 1 ақпанда енгізуді жоспарлаған Гренландияға қатысты импорттық баждарға еуропалық елдер бірауыздан және үйлестірілген түрде жауап беретініне уәде берді. Макрон тарифтерді қабылдауға болмайтын және бұл бағытта қысым ештеңені шешпейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

 Ludovic Marin/Reuters 18 Қаңтар 2026, 02:34
18 Қаңтар 2026, 02:34
928
Фото: Ludovic Marin/Reuters

Франция Президенті Эммануэль Макрон АҚШ 1 ақпанда енгізуді жоспарлаған Гренландияға қатысты импорттық баждарға еуропалық елдер бірауыздан және үйлестірілген түрде жауап беретініне уәде берді. Макрон тарифтерді қабылдауға болмайтын және бұл бағытта қысым ештеңені шешпейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ол Франция мен серіктестерінің Гренландиядағы әскери жаттығуларға қатысуға дайын екенін, сондай-ақ еуропалық егемендікті қолдайтынын атап өтті.

АҚШ Президенті Дональд Трамп өз кезегінде 10% импорттық бажды 1 ақпанда, ал 25%-ға дейін өсірілетін бажды 1 маусымда күшіне ендіруді жоспарлап отыр. Трамп Гренландияны АҚШ ұлттық қауіпсіздігін нығайту үшін қажетті орын деп сипаттады.

Наверх