Макрон Астанаға сапардан кейін Тwitter-де қазақша жазды

2 Қараша 2023, 12:20
475
Бөлісу:
Макрон Астанаға сапардан кейін Тwitter-де қазақша жазды
Фото: скрин

Франция президенті Эммануэль Макрон Астанаға ресми сапарынан кейін әлеуметтік желісінде бірнеше жазба жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол жазбалардың бірін қазақ тілінде жазған екен.

Ірі державалар үстемдікке қайта ұмтылған, ал кейбірінен болжауға болмайтын әрекет күткен әлемде жаңа перспективаларды ортақ етуге және бірге құруға болатын серіктестер мен достарға сене алу өте бағалы. Қазақстан мен Франция солардың қатарына кіреді, - деп жазды ол.

Еске салсақ бұған дейін де Франция президенті Эммануэль Макрон Қарағандыдағы көмір шахтасындағы қайғылы оқиғаға байланысты қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қазақша жазба қалдырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы