Макинск құс фабрикасының даму қарқыны қалай?

26 Қараша 2021, 19:25
2146
Бөлісу:
Макинск құс фабрикасының даму қарқыны қалай?
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі ең ірі құс фабрикасының жұмысы қалай жүреді? Даму қарқыны қалай?

Қазақстанда шикізат көзін өндіретін кәсіпорындар дамып келеді. Соның бірі Бұланды ауданында орналасқан «Макинск құс фабрикасы».

Ақмоладағы орталық туралы баспасөз туры барысында «Макинс құс фабрикасы» ЖШС бас директоры Роман Романов айтып берді.

Макинск құс фабрикасының даму қарқыны қалай?

Құс фабрикасы өндіретін негізгі өнім – тоңазытылған бройлер еті. Макинск құс фабрикасы жылына 25 000 тонна құс етін өндіре алады. Кәсіпорынның салтанатты ашылу рәсімі 2018 жылы өтті. Ашылу рәсіміне орай Макинск құс фабрикасының 220 қызметкері ұзындығы 223 метр 65 сантиметр көлеміндегі құс етінен кәуап әзірлеп, рекорд орнатқан болатын, - дейді ол.

Романовтың айтуынша, мекемеде санитарлық талап қатаң сақталады.

Біз жабық компаниямыз. Сондықтан барлық санитарлық қауіпсіздік ережесін мұқият сақтаймыз. Ескеретін жайт, бұл тамақ өндірісі. Ішке кіру үшін киім ауыстырып, қолды жуып, қорғаныс маскасын киіп, санитарлық тазалаудан өту міндетті, - деп түсіндірді құс фабрикасының басшысы.
Макинск құс фабрикасының даму қарқыны қалай?

Маман кәсіпорынның жылына қанша ет дайындайтынын мәлім етті.

Бүгінде фабрика жылына 76 мың тонна ет, 68 мың тоннаға жуық дайын ет өнімдерін шығарады. Кәсіпорында 1427 адам жұмыс істейді. Күн сайын өндіріс үшін шамамен 135 мың бас құс бөлінеді. Осыған сәйкес, ет өнімдерін мұздатылған немесе салқындатылған күйде сатылымға шығарамыз, - деді ол.

Оның атап өтуінше, құс фабрикасы республика бойынша көш басында тұр.

Сондай-ақ, кәсіпорын ең озық үлгідегі еуропалық өндірушілердің жабдықтарын қолданады.

Құрал-жабдықтар жағынан ең заманауи құс фабрикасы және әлемдік көшбасшылардан еш кем түспейді. 2022 жылдың қазан-қараша айларында қуаттылықты 30 пайызға арттырып, кәсіпорын тірі салмақта 100 мың тонна ет өндіретін боламыз. Бұл керемет жетістік. Бұл кем дегенде Ресей, Беларусь, Украина секілді елдердің деңгейі, - деді спикер.
Макинск құс фабрикасының даму қарқыны қалай?

Баспасөз туры барысында Роман Романов компанияға мемлекет тарапынан қандай қолдау тауып отқанын айтты.

Біз мемлекеттен субсидияны толық әрі уақытылы алып отырмыз, - деді кәсіпорын басшысы.

Оның мәлімдеуінше, пандемияның бүкіл кезеңінде кәсіпорын жұмысын тоқтатпаған. Сонымен қатар 1300-ге жуық қызметкер екпенің екі компонентін де салдырған.

Бізде құс тұмауының ешбір жағдайы тіркелген жоқ. Макинс фабрикасы елдің солтүстік өңірін құс етімен қамтамасыз етуде. Енді оңтүстік елді мекенге жеткізу ойда бар. Жалпы  компанияның 8 өндіріс орны бар. Олардың әрқайсысында 660 мыңға жуық құс бар, - деді Роман Романов.
Кәсіпорын қызметкерлерінің орташа жалақысы шамамен 160 мың теңге.


Біз белгіленген заңнаманы қатаң сақтаймыз. Бүгінде етті қайта өңдеуді барынша азайтуды қолға алып отырмыз , - деп түйіндеді сөзін Романов.




Өзгелердің жаңалығы