МакГрегор - Серроне жекпе-жегіне билеттер бір күнде сатылып кетті

23 Желтоқсан 2019, 21:36
3957
Бөлісу:
МакГрегор - Серроне жекпе-жегіне билеттер бір күнде сатылып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 қаңтар күні өтетеін UFC 246 турниріне билеттер бір тәулік ішінде сатылып кетті. Кештің басты жекпе-жегінде 77 келі салмақ дәрежесінде ирландиялық Конор МакГрегор мен Дональд Серроне кездеседі, деп жазады Prosports.kz. 

Билеттер құны 200-1500 АҚШ доллары арасында бағаланған. Қазіргі кезде билеттерден 10 миллион АҚШ доллары пайда түскен. 

МакГрегор мен Серроне кездесуі Лас Вегастағы T-Mobile Arena-да өтетін болады. 

36 жастағы Дональд Серроне ММА-де 50 жекпе-жек өткізіп, 36 рет жеңіс тойын тойлаған. Ал МакГрегор 25 кездесу өткізіп, 21 рет қарсыластарынан басым түссе, төрт рет жеңіліс дәмін татқан. 

Естеріңізге салатын болсақ, Конор МакГрегор соңғы жекпе-жегінде ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен қылқындыру әдісімен жеңіліп қалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы